- Басты
- Жаңалықтар
- Бауыржан Байбек Ливан және Еуропаның саяси партиялары өкілдерімен кездесті
Бауыржан Байбек Ливан және Еуропаның саяси партиялары өкілдерімен кездесті
Ф.Синиора бастаған Ливан делегациясы елімізге осы күндері Қазақстанның елордасында өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумына қатысу сапарымен келіп отыр,деп «Нұр Отан» партиясының ресми порталы хабарлады.
Кездесу барысында тараптар қазақстан-ливан қарым-қатынастарының даму динамикасын сөз етіп, партияаралық диалогты жолға қою қажеттілігін атап өтті.
«Біз үшін центристік идеяға жақын либералдық құндылықтарды ұстанатын «Аль-Мустакбаль» партиясымен байланыстар орнату өте маңызды. Біздің партия өткен жылғы жүргізілген ребрендингтен кейін центристік партияға айналды. Күні кеше ғана «Христиан-Демократиялық Одағы» өкілдерімен, Конрад Адэнауэр атындағы қордың өкілдерімен кездестік. Біз Еуропа халықтық партиясымен, ҚКП, «Сэннури», «Единая Россия» және өзге де партиялармен тығыз жұмыс жасаудамыз. Ең басты міндетіміз - қоғамның сенімін қалыптастыру, ол біздің билеуші партия ретіндегі жауапкершілігіміз болып табылады», - деп атап өтті кездесуде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Өз кезегінде Ливаннан келген қонақтар партияның XV Cъезінде қабылданған «Нұр Отан» Доктринасының тарихи маңыздылығын атап өтті.
«Сіздердің елдеріңізде Президенттеріңіздің саясаты арқасында бейбітшілік, тыныштық пен келісім орнаған. Ливан мен Қазақстанның көзқарасы ұқсас. Біздердің тәуелсіздік, отбасы, салт-дәстүр, елдің еркіндігі мен бірлігін сақтау секілді ұқсас құндылықтарымыз көп. Бұған дейін экономикалық және саяси ынтымақтастықты орнаттық, енді өзге салаларда өзара қарым-қатынасты дамытуымыз керек», - деді кездесу барысында Ливанның «Аль-Мустакбаль» партиясы парламенттік тобының жетекшісі Фуад Синиора.
Сонымен қатар, бүгін Бауыржан Байбек Еуропа халықтық партиясының вице-президенті, Еуропа Парламентінің депутаты Марио Дэвидпен кездесті. Кездесу барысында центристік идеологияны ұстанатын еуропалық партиялармен ынтымақтастықты, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының консервативтік, лебарал-консервативтік идеологияны ұстанатын оңшыл саяси партиялар бірлестігі -Халықаралық Демократиялық Одақпен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар