- Басты
- Жаңалықтар
- КО аясындағы нормативті-құқықтық база жақсарды - Р.Ошақбаев
КО аясындағы нормативті-құқықтық база жақсарды - Р.Ошақбаев
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді жасақтау барысында Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы нормативті-құқықтық база жақсартылды. Атап айтатын болсақ, өндіріс бойынша келісім жобасында ұлттық өнеркәсіптік саясатты жүргізу белгіленді. Сонымен қатар, біз алдын-ала комисмиямен келіспей өзімізге тән субсидиялауларды жүргізуге қол жеткіздік. Демек, біз ұлттық субсидиялау саясатын жүргізе аламыз. Бұған дейін біз 2017 жылдан бастап өзімізге тән субсидиялауды келісуіміз керек болатын», - деді сөз басында Рахым Ошақбаев.
Сонымен қатар, сала маманы көлік саласын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл сала өте даулы болған. Алайда мамандар каботажды тасымалдауға шектеулерді алып тастау шарты бекітіп, ерекше тарифтерді бекіту қайта ұлттық деңгейде шешілетін болып келісті.
«Ал, энергетика саласында кезең-кезеңімен ортақ электр энергетикасының нарығын қалыптастырылатын болды. Мұндай өзгерістер мұнай, мұнай өнімдері мен газ нарықтарында да жүргізіледі. Біздің есептеумізше бұл өзгерістер энергетикалық инфрақұрылдымдарға қолжетімділікті арттыратын болады», - деп Р.Ошақбаев өз ойын толықтырды.
«Техникалық реттеу саласында үлкен жетістікке қол жеткізілді. Дәлірек айтсақ, үш мемлекетке бірдей ортақ техникалық реттеумен бірге міндетті ұлттық техникалық реттеу шартын бекіту мүмкіндігін алдық. Бұл бізге өзіміздің ерекшеліктерімізді ескеруге мүмкіндік береді. Келісімнен құрылыс және жобалау шарттары бірыңғай ортақ болмайтын болды. Олар ұлттық техникалық реттеу деңгейінде шешіледі», - деп ол атап өтті.
Жалпы, қызметтер саудасы саласында да жеткен жетістіктер аз емес. Қызметтер саудасы саласында әр сектор бойынша баршаға ортақ нарық құрылатын болады.
Айта кетерлік жайт, ЕАЭО туралы келісімді жасақтауда не Ресейдің, не Белоруссияның бизнес қауымдастығында іліп аларлықтай Келісімнің мәтіні болмады. Бұл ретте негізгі ақпарат көзі ҚР ҰКП сайты болды.
Мөлдір Асқар
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі