- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП ЕАЭО туралы келісімге 120-дан астам өзгеріс енгізді - Р.Ошақбаев
ҰКП ЕАЭО туралы келісімге 120-дан астам өзгеріс енгізді - Р.Ошақбаев
«Өткен жылдың қарашасынан бастап Ұлттық палатаға шарттың мәтіндері келе бастады. Бұл мәтіндер палатаның ресми сайтында жарияланып, талқыға салынып тұрды. Барлығы келісімнің 6 редакцияланған үлгісі жарияланды. Оның соңғы дұрыс нұсқасы, яғни 29 мамырда қол қойылады деп күтіліп отырған нұсқасы палатаның 15 мамырынан бастап сайтында жарияланған. Бұл біздің қазақстандық кәсіпкерлерге, жалпы бизнес қауымдастыққа құжатты толығымен зерттеуге, өзінің ұсыныстары мен пікірлерін беруге мүмкіндік берді», - деп Рахым Ошақбаев ағынан жарылды.
Оның айтуынша, ілкімді істі іске асыру барысында ҰКП сарапшылары 30-дан аса жұмыс кездесулерін өткізген. Тіпті, Астана, Мәскеу және Минск қалалаырндағы сарапшылар топтарының отырыстарына қатысқан.
«Нәтижесінде, келісім шарттың барлық бөлімдері бойынаш Палата Үкіметке ресми түрде 120-дан аса ескертулер мен ұсыныстарын жіберді. Айта кетерлік жайт, оның 90%, яғни бизнес ұсыныстардың басым бөлігі отандық келіссөз тобының ресми позициясы», - деді Рахым Ошақбаев.
Сонымен қатар, Рахым Ошақбаев Үкіметтің Ұлттық палата өкілдеріне келіссөздерге қатысуға, келісім баптарының редакцияларын жасауда сараптық деңгейде тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.
Мөлдір Асқар
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы