- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Жақсалиев: ЕАЭО электр энергетикалық нарығын құру бойынша келісімге қол жеткізілді
Б.Жақсалиев: ЕАЭО электр энергетикалық нарығын құру бойынша келісімге қол жеткізілді
«Үш елдің электр энергетикалық салалары интеграциясының тарихы тереңде жатыр. Алайда қазіргі таңда ортақ электр энергетикалық нарық туралы сөз қозғау әлі де болса ертерек. Оған себеп электр энергиясы нарығының түрлі пішіндерінің жұмыс істеуі», - дейді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанда либералды электр энергия нарығы қалыптасса, Беларусьте мемлекеттік вертикалды интеграцияланған компания, ал Ресейдегі бұл нарық торапты баға құрушы қуаттылыққа ие.
«Жыл бойы сарапшылар электр энергиясы саласының барлық мәселелерін түбегейлі зерттеді. Барлық позициялар мақұлданып, қатар жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйенің негізінде ортақ электрэнергетикалық нарығын кезең-кезеңімен құру бойынша келісімге қол жеткізілді. 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ электр энергетикалық нарықты құру Тұжырымдамасы дайындалады. Ал 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін ортақ нарық құру бағдарламасы дайындалады. Бағдарлама шараларын орындағаннан кейін мүше мемлекеттер 2019 жылдың 1 шілдесінен қалмай желілерді қолданудың бірыңғай ережесін қамтитын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын құру туралы халықаралық келісім құрады», - дейді вице-министр.
Қазіргі таңда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, 2019 жылға дейін техникалық мүмкіндіктер шегіндегі мемлекетаралық тасымалды жүзеге асыру үшін желілерге кедергісіз қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма