- Басты
- Жаңалықтар
- Тиімді корпоративті басқару - 2050 Стратегиясы жүзеге асуының басты міндеті – Ө.Шүкеев
Тиімді корпоративті басқару - 2050 Стратегиясы жүзеге асуының басты міндеті – Ө.Шүкеев
«Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мен ЕЭДҰ стандарттарын енгізу міндеттемесін алға қойды. Корпоративті басқару мен оның деңгейлері аталмыш міндеттемені атқаруда үлкен мәнге ие. Кәсіпкерлікті тиімді басқару компания құнына әсер етіп, акционерлі қоғам табысына да ықпал етеді», - дейді Ө.Шүкеев.
Оның айтуынша, бүгінде компаниялар шиеленісті жағдайларды бастан кешуде. Барлық компаниялармен құрылымдық байланыс құру мен сауатты іс жүргізу маңызға ие.
«Біз әлемдегі ең озық стандарттарды енгізіп, барлық әріптестерімізбен арада сенімді серіктес бола білуіміз керек. «Самұрық-Қазына» қоры 2006 жылы құрылды. Осы уақыт аралығында ауқымды шаралар атқарылды. Біздің құжат айналымы да өте жетілген деңгейде. Біз жыл сайын қарамағымыздағы компаниялардың корпоративті басқару деңгейін тексеріп отырамыз. Қор акционерлік қоғам ретінде компанияның құнын көтеру мен басқару тиімділігіне мән береді», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қазіргі таңда компанияны трансформациялау бағдарламасын қолға алуда.
«Бұл кешенді бағдарлама қор тобын барынша жоғары деңгейге көтеріп, әлемдік трансұлттық компаниялар мен холдингтермен терезесін теңестірмек», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер