- Басты
- Жаңалықтар
- Сәулет-жоспарлау тапсырмасының анықтамасын алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі қысқарды
Сәулет-жоспарлау тапсырмасының анықтамасын алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі қысқарды
Бұдан бұрын осындай анықтаманы алу үшін жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне немесе салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыруға тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін ұсыну талап етілетін. Бұл мәліметті атқарушы орган енді сәулет басқармасының мұрағатынан өзі ала алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттарды қабылдау күнін қоспағанда, 8 жұмыс күні (техникалық күрделі объектілер - электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар, тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары, қара және түсті металлургия кәсіпорындары және т.б. үшін 15 жұмыс күні және салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыру жобасын әзірлеу үшін 3 жұмыс күні).
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы алу үшін қажетті құжаттар тізімінің қысқартылуы қызмет көрсету үдерісін оңтайландырудың және оларды ұсыну стандарттарын қайта қарастырудың арқасында мүмкін болды.
«ХҚКО» РМК бас директоры Мұрат Айтуғанов айтып өткендей, «Қызметтерді автоматтандыру оларды алу процесін жеңілдетуге бағытталған және азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған, бүгінгі күні ХҚКО ұсынатын 171 қызметтің жүзден астамын электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.
Бұдан басқа, өткен жылдан бастап ХҚКО-ларда «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдары жұмыс жасауда, онда кез келген клиент қызметті өз бетінше немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен ала алады. Осындай алаңдарды енгізу ХҚКО инспекторларының жұмысын анағұрлым жеңілдетті.«Connection Point» 2014 жылдың басынан еліміздің ХҚКО-ларында тағы да 25 жаңа қызметті пилоттық режимде енгізуге мүмкіндік берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар