• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕҰУ-нің Инновациялық паркі мен Қызылорда облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ

ЕҰУ-нің Инновациялық паркі мен Қызылорда облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ

22 Мамыр, 2014 10:28
Қызылорда облысының әкімдігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен (Инновациялық парк) және француздық машинақұрылысы компаниясымен энергетикалық құралдарды және «Alstom» теміржол көлігін жасау бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қояды.

Меморандумның негізгі мақсаты энергетика саласында бірлесіп жұмыс істеу, электрэнергетика бойынша жобаларды ұйымдастырып, бірлесіп жүзеге асыру және осы саладағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға күш салу, деп университеттен хабарлады.

«Қызылорда облысы мен ЕҰУ серіктестігі өндірістегі ғылым интеграциясының жан-жақты дамуға септігін тигізетіндіктің және мемлекетімізді өмір сүрудің жаңа сапа деңгейіне көтеретіндігінің жарқын үлгісі», - делінген хабарламада.

Өзара ынтымақтастықтың негізгі принциптеріне жаңғырту, техникалық қайта қаруландыру,Қызылорданың ЖЭС кеңейту аспектілері енгізілген.

Бүгінгі таңда жұмыс тобы құрылып, жауаптылар белгіленуде. Естеріңізге сала кетейік, ЕҰУ Инновациялық паркі Қызылорда облысының индустриалды-инновациалық даму стратегиясын жасақтағандардың бірі.

Барлық жаңалықтар