- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «ТрансЕуразия-2014» конференциясы өз жұмысын бастайды
Астанада «ТрансЕуразия-2014» конференциясы өз жұмысын бастайды
Атап айтқанда, қатысушылар алдында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, КР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек, энергетика және Еуразиялық экономикалық комиссияның инфрақұрылымы бойынша алқаның мүшесі (министр) Даниал Ахметов, сонымен бірге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – теңізге және кішігірім аралдарға шығысы жоқ онша дамымаған, дамушы елдер бойынша жоғарғы өкіл Гьян Чандра Ачария сөз сөйлейді.
Конференция шеңберінде Пленарлық сессия, сонымен бірге панельдік сессия ұйымдастырылады.
Осылайша, «Еуразиялық транзит мүддесінде ынтымақтастық: бизнесті дамытуға жаңа көзқарас» тақырыбы бойынша сессия барысында қатысушылар көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту сұрақтарын және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету мен көлік процесстерін автоматтандыру мүмкіншіліктеріне қатысты сұрақтарды талқылайды.
Сонымен бірге «Қара теңіз–Каспий транзиті: ТРАСЕКА шеңберіндегі диалог» сессиясы барысында Silk Wind блок-пойызының жобасы, Каспий және Қара теңіз арқылы мультимодальді тасымалдаулар, сонымен қатар кедендік процедуралар және ТРАСЕКА елдерінің инфрақұрылымдық жобалары талқыланады
Бұдан тыс, 22 мамырда Конференция шеңберінде «Көрме» орталығында «Транзит Қазақстан-2014» көрмесі өтеді. Дәстүр бойынша Көрме алаңында көлік индустриясының соңғы жетістіктері көрсетіледі. Көрмемен қатарлас мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылып, қазақстандық көлік жүйесінің дамуы, сонымен бірге әртүрлі көлік түрлері әрекеттесуінің жаңа жүйелерін жасау жөнінде өзекті мәселелер талқыланады. Биыл іс-шараға Қазақстаннан, Қытайдан, Ресейден, Литвадан, Эстониядан, Белоруссиядан және Украинадан 91 компания қатысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек