- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ Қазақстандағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетуде - Э.Болдырев
АЭФ Қазақстандағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетуде - Э.Болдырев
«Мен Қазақстанға Астана экономикалық форумының арқасында алғаш рет келдім. Сіздерде орта тапты көтеруге, шағын және орта бизнесті дамытуда ілкімді жобалар жүзеге асырылып жатқаны көрініп-ақ тұр. Бұл тұрғыда Ресей Федерациясы да Қазақстан Республикасынан қалыс қалып жатқан жоқ. РФ Президенті Владимир Путин «Шағын және орта кәсіпкерлік» арнайы бағдарламасын бизнес саласына қолдау көрсету мақсатында қабылдады. Айта кетерлік жайт, ол федералдық деңгейде жұмыс істейді», - деді өз сұхбатында Қалмақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Эрдени Болдырев.
Сонымен қатар, ол, VII Астана экономикалық форумынан алған әсерімен бөлісті.
«АЭФ Қазақстандағы экономикалық тұрақтылықтың өсімін көрсетеді. Жалпы, мұндағы талқыланып жатқан мәселелердің барлығы дерлік маңызды, беріліп жатқан ұсыныстар да сүбелі. Менің ойымша, форум экономикалық тұрғыда үлкен серпіліс беруі мүмкін», - деді Ардени Болдырев.
Айта кетерлік жайт, бүгінде Қалмақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар кеңістігін кеңейту мақсатында Қазақстанмен өзара тиімді серіктестік туралы келісімге отыруға ниет танытуда.
Мөлдір Асқар
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы