• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі «теңгермешілікті» жоюға мүмкіндік береді – ҚМГ

Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі «теңгермешілікті» жоюға мүмкіндік береді – ҚМГ

8 Тамыз, 2013 00:00
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек даулары мен шиеленістерін реттеу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы болып өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Күн тәртібінде ҚМГ компаниялар тобының әлеуметтік саясатындағы басты мәселелер қаралды. Солардың бірі – ҚМГ компаниялар тобында өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін құру және ҚМГ қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың стандартын қалыптастыру мәселесі», - делінген хабарламада. 

Үстіміздегі жылы ұлттық компания мамандарынан құрылған жұмысшы тобы еншілес және тәуелді кәсіпорындарда еңбекақы төлеу мәселелерін жан-жақты зерттеу жөнінде көптеген жұмыс атқарды. Еңбек ұжымдарында кездесулер ұйымдастырылды. ҚМГ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар мен бөлімшелердің әртүрлі деңгейдегі қызметкерлері мен басшыларының ескертулері есепке алынды.
Жақын күндерде толық жасалып бітетін Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесінің авторлары бұл жүйенің артықшылықтарына қазірдің өзінде сенімді. Ол компания тобындағы барлық бөлімшелердің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. ҚМГ мамандарының айтуына қарағанда, жаңа жүйе теңгермешілікті жойып, ҚМГ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар мен бөлімшелерде еңбекақы әр кәсіпорынның өндірістік көрсеткішіне қарай белгіленетін болады. 

Барлық жаңалықтар