• Басты
  • Жаңалықтар
  • Барлық деңгейдегі дамыған елдер мүмкіндіктерін толық қолданулары тиіс – Гьян Чандра Ачарья

Барлық деңгейдегі дамыған елдер мүмкіндіктерін толық қолданулары тиіс – Гьян Чандра Ачарья

21 Мамыр, 2014 15:13
Дамыған елдер де, дамушы елдер де өз мүмкіндіктерін толықтай қолданулары керек. Бұл туралы бүгін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Жоғарғы өкілі Гьян Чандра Ачарья VII Астана экономикалық форумы аясындағы II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның екінші сессиясында мәлімдеді.

«Егер біз әлемдік дағдарысты жаһандық деңгейде қарастыратын болсақ, әрбір елдің бір-біріне әсер ететінін байқаймыз. Өйткені біз өзара тығыз абйланысты әлемде өмір сүріп отырмыз. Сол себепті дамыған елдер де, дамушы елдер де өз мүмкіндіктерін толықтай қолданулары керек», - дейді Гьян Чандра Ачарья.

Оның айтуынша, үкіметтік, корпоративті сектор, азаматтық сектор мен жеке кәсіпкерлік деңгейіндегі әрбір тұлғаның эконмика құрылымын өзгертуге жұмыс істеуі маңызды.

«Біз ұзақмерзімді қаржыландыру көздерін іздестіруіміз қажет. Ондағы мақсат тұрақты өсімді қамтамасыз ету. Бүгінге дейін түрлі өзгерістерді, ауытқуларды көрдік. Алайда осы тұрақсыздықтардың түбі тұрақтылыққа алып баруы үшін жұмыс істеуіміз керек. Тиісінше біз экономикалық өсімнің ортақ үрдісін жоғалтпауымыз  қажет», - дейді Гьян Чандра.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар