- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Қазақстан Президентінің G-Global идеясы өзінің қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді
Қ.Жақыпов: Қазақстан Президентінің G-Global идеясы өзінің қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді
Олар Қазақстан-Ливан мәселелері бойынша және парламенттік, ынтымақтастық жайында екіжақты пікір алмасып, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге де назар аударды.
Қабиболла Жақыпов әлем бүгінгі экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында алдымен келісім мен ұжымшылдық және жан-жақтылыққа көңіл аударып отырғанына тоқталды.
«Осы жағынан алып қарағанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global идеясы өзінің әлемге қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр»,- деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.
Өз кезегінде Фуад ас-Синиора Қазақстанмен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудің Ливан үшін маңызына тоқталып, біздің елдің барлық бағытта қарқынды дамып отырғанын атап өтті.
«Бұл өркендеуде 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын нақтылап қойған сіздердің Президенттің еңбегі зор»,- деді ливандық парламентші.
Тараптар Қазақстан мен Ливан өз аймақтарында тұрақтылық пен сенім жағдайында белсенді жақтастар екендігі жөнінен бір көзқараста болып шықты.
«Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен бейбітшілікке өте мүдделі»,- деді Қабиболла Жақыпов.
Екі жаққа пайдалы қазақстан-ливан ынтымақтастығын кеңейту, экономикалық байланысты өрістетіп, құқықтық-шарттық базаны дамытып, банк саласында да тәжірибе алмасу жұмыстарын ұлғайту жайында әңгімелесті.
Қабиболла Жақыпов пен Фуад ас-Синиора парламентаралық байланыстарды нығайту жайында өз пікірлерін білдірді. Тараптардың ойынша, парламенттердің салалық комитеттерінің тұрақты байланысы осы жолда көп үлес қосатын көрінеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру