- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайды – Н. Назарбаев
Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайды – Н. Назарбаев
IV саммит жұмысына мемлекеттер мен үкіметтердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
Қазақстан Президенті өз сөзінде АӨСШК идеясын БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында жариялаған сәттен бері биыл 22 жыл және оның іс жүзіндегі қызметі басталғанына 12 жыл толатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол елеулі жұмыстар атқарған Түркия тарапының Кеңестегі төрағалық еткені үшін алғысын білдірді.
«Биылғы Саммиттің тарихтағы ең салиқалы жиын болуының символдық мәні бар. Ол 26 мүше-мемлекеттің, 7 байқаушы мемлекеттің, 4 халықаралық ұйымның, сондай-ақ Форум қонақтарының басын қосты. Бүгін Катар және Бангладеш АӨСШК-нің толыққанды мүшелігіне өтті. Олардың қосылуы Форумымыздың шекарасы мен географиясын айтарлықтай кеңейтті. Болашақта оған біздің құрлықтың өзге мемлекеттері де қосылады деп ойлаймыз», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуына байланысты әлемдік құрылымдағы кейінгі кездері байқалып отырған түбегейлі өзгерістерге назар аударды.
«Бұл жағдай біздің Форумның қажеттілігін арттыра түседі, сондай-ақ бізден барынша ынтымақты болуды, АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін сапалы жүзеге асыруды талап етеді. Әскери-саяси саладағы сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдау әлі де маңызды деп санаймын. Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа ықпал ету туралы АӨСШК декларациясын қабылдау осы бағыттағы алғашқы бірлескен қадам болды. Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайды», – деді Қазақстан Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады