- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналуда – Р.Жошыбаев
АЭФ әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналуда – Р.Жошыбаев
«Астана экономикалық форумы әлемдегі ең ірі алаңдардың біріне айналып келе жатыр. Ауқымдылығы, өзектілігі мен инвестициялық әлеуеті мен әсер ету формасы жыл санап артып келеді», - дейді Р.Жошыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, форум аясында түрлі тақырыптарға арналған шаралар өтіп жатыр. Оған әйгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, іскерлік орта өкілдері мен БАҚ қатысуда.
«ЭКСПО-2017» - тұрақты даму энергиясы» осыншалықты мол спикер жинап, көптеген сарапшылардың назарын аударғаны біздің көңілімізге қуаныш ұялатады. Өздеріңізге де белгілі, Қазақстан Республикасы 2017 жылдың 10 шілдесі мен 10 қыркүйегі аралығына ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға дайындалып жатыр. Шараның басты тақырыбы адамзаттың күрделі мәселелрінің біріне айналып отырған «Болашақтың энергиясы». Бұл мәселенің шешілуі көптеген елдердің стратегиялық міндеті болып табылады», - дейді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан өзінің мол қуат көзіне қарамастан өзге елдермен қатар баламалы қуат көздерін дамытуға мүдделі болып отыр.
«Дәстүрлі қуат көздерінің әлеуеті өте орасан, ал оның кейінгі зияны да аз емес. Қоршаған ортаға келтірер залалы айтпаса да түсінікті. Осы мәселенің түйінін тарқату үшін халықаралық қауымдастық Астанада бас қосып, экологиялық және қоршаған ортаға қауіпсіз қуат көздерін іздестірмек», - дейді Р.Жошыбаев.
«Біздің ел «жасыл экономиканы» енгізуде белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда әлемге жаңа даму жолы қажет. Осы орайда Қазақстан 21 ғасырдағы жаһандық энерго-экологиялық тұрақты даму стратегиясы мен «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасын ұсынуда», - дейді.
Мадина Нұрбекова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді