- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы дамыған елдердің ЖІӨ үлесі 54%-ға дейін төмендейді – Б.Сұлтанов
2016 жылы дамыған елдердің ЖІӨ үлесі 54%-ға дейін төмендейді – Б.Сұлтанов
Б.Сұлтановтың айутынша, бүгінгі таңда әлемде халықаралық басқарудың бірнеше тобы қалыптасқан – дамыған және дамушы елдер альянсы, Бреттон Вудские мен өзге де мекемелер, сонымен қатар «G» тобындағы дамыған елдер. Олар барлық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына белгілі бір деңгейде әсер етеді.
«Тең құқылы және демократиялық құндылықтардан тұратын әлем аталмыш бірлестіктерді түрлі деңгейде рөл атқарып, жаһандық деңгейдегі қабылдайтын шешімдері де әр алуан болып келеді. Дамушы нарықтар экономикалық сараптама, нарықтық көзқарас құру мен әлемдік қауымдастық саясатына енгізілмген. Алайда басқа-басқа емес дәл дамушы елдер әлемдік экономиканың қозғаушы күші болып табылады», - дейді.
Халықаралық валюталық қордың соңғы мәліметтері бойынша 2014 жылы дамушы елдердің экономикалық өсім деңгейі 5,5% көлемінде күтіліп отыр.
ХВҚ әлемдік экономикалық шолу мәліметінше, дамыған елдердің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 2000 жылғы 75 пайыздық көрсеткіштен 2016 жылы 54 пайызға төмендейді деп болжануда. Ал қарқынды дамып келе жатқан елдердің көрсеткіші 2016 жылы дамыған елдерден 2 есеге көбеймек.
«Өсім полюсының дамыған елдерден дамушы елдерге қарай ауып, жылдам өзгеріп келе жатқан жаһандық деңгейдегі ережелер мен ұстанымдарды қайта қараудың артықтығы жоқ. Аталмыш мәселе Санкт-Петербургте өткен үлкен жиырмалықтың саммитінде кеңінен қаралып, онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев әлемге G-Global халықаралық диалог форматын ұсынды. Бұл G8 бен G20-ның баламасы емес, жаһандық диалогтың қосымша құралы, ол бүгіннің өзінде ақпараттық-коммуникациялық алаң ретінде іске асырылуда», - дейді Б.Сұлтанов.
Мадина Нұрбекова
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі