- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО-ның құрылыс саласына тигізетін септігі мол – Р. Лепесов
ЕАЭО-ның құрылыс саласына тигізетін септігі мол – Р. Лепесов
«Ағымдағы 2014 жылдың мамыр айының аяғында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа (ары қарай - Шарт) қол қояды деп жоспарлануда. Жаңа экономикалық бірлестік бүгінгі күннің өзінде ортақ кеден аумағы бар және жиынтық ЖІӨ ТМД жалпы өнімінің 85%-ын құрайтын үш мемлекеттің экономикалық интеграциясының ең озық нысаны болмақ», - деді ол.
ӨДМ өкілі атап өткендей, халықаралық құқықтық субъектілікке ие жаңа халықаралық өңірлік экономикалық интеграция ұйымы аясында, Шарт ережелеріне сәйкес, тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ аталмыш Шартпен және Одақ аясындағы халықаралық шарттармен анықталған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізілетін болады.
«ЕАЭО мүше мемлекеттері экономиканың ұлттық даму деңгейін, табиғи-климаттық және сейсмологиялық ерекшеліктерді, сондай-ақ материалдар мен жұмыстардың нормативтер талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін есепке ала отырып, белгіленген бірыңғай техникалық регламентке сәйкес, ұлттық деңгейде өздіктерінен техникалық талаптар белгілей алады. КО барлық қатысушы елдері үшін ортақ талаптар Мемлекетаралық нормативтерге (МҚН және МЕЖ) біріктіріледі, олар қажет болған жағдайда қатысушы елдердің ұлттық қосымшалары ретіндегі осы елдердің нормаларымен толықтырыла алады», - деді ол.
ЕАЭО бірыңғай Техникалық регламентінде ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді. Мемлекетаралық Құрылыс нормалары (МҚН) ғимараттар мен құрылыстар түрлеріне, инженерлік жүйелерге қойылатын ең аз талаптарды нақтылауға арналған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады