Біз үздік тәжірибелерімізбен бөлісуге дайынбыз - Э.Раннала

20 Мамыр, 2014 16:43
Біз үздік тәжірибелермізбен бөлісе аламыз. Бұл туралы бүгін ОКҚ бирфингінде «MuckerLab и MuckerCapital» негізін қалаушы, «Harrison Metal Capital» егін егу еншілес қорының басқарушысы Эрик Раннала мәлім етті.

Э. Раннала Астанада өткен  ASTEX көрме-конференциясының нәтижесін тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралар және бүкіл әлемде жүріп жатқан экспорттың арқысында біз өзіміздің үздік тәжірибелерімізбен бөлісе аламыз деп ойлаймын (автордың айтуынша IT-бағытында)», - деп Эрик Раннала ағынан жарылды.

Айта кетерлік жайт, Бүгінде БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту рейтингісі бойынша  Қазақстан 190 мемлекеттің ішінен 38-інші орында тұр.

«Мен осы жерде көріп отырған әдістерден, болашақта бірлесіп жұмыс істейтін компаниялардан, кәсіпкерлерден және Үкіметтен үлкен әсер алып отырмын. Біз олармен бірге экономиканы алға сүйрелейтін боламыз», - деді Э. Раннала.

Естеріңізге сала кетейік, ASTEX осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанда Астаналық экономикалық форум аясында өткізілуде және ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпарат алмасу алаңы болып табылады.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар