- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның электронды коммерциясы 2 жыл ішінде 200-250%-ға өскен – С.Кеттебеков
Қазақстанның электронды коммерциясы 2 жыл ішінде 200-250%-ға өскен – С.Кеттебеков
«Электронды коммерция – қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Соңғы екі жылда аталмыш индустрия 200-250%-ға өсті. Дегенмен, бұл саланың болашағы алда. ASTEX көрмесі аталмыш үрдістен айнымай, күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге шешім іздеуге бағытталған. Біздің қазіргі пайдаланып отырған тәжірибеміз АҚШ пен Корей елдерінен үлгі ала отырып, қазіргі таңдағы ең таңдаулы үлгілердің біріне айналды. Осы тұрғыда Малайзия секілді дамушы елдердің жолы да біз үшін сабақ аларлықтай», - дейді Санжар Кеттебеков.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда дамушы едердің жүйесіне ұқсас жүйе құрылды, кейбір компоненттері жетілу үстінде.
«Нарықтың мамандануы әлі де толық дамыған жоқ. Алайда негізгі іргетасы қаланды десек артық айтқандық емес. Біз қазіргі таңда Қазақстанда электронды коммерцияның алпауыттарының қызметтеріне куә болып отырмыз. Атап айтар болсақ олар ҚТЖ, Эйр Астана, электронды үкімет, Қазком мен өзге де ұйымдар. Олар алғашқы жемістерін көріп отыр. Қазіргі біздің міндетіміз – даму жолымызды айқындау», - деді ол.
«Біз аудиториядан мұндай қызығушылық туындайды деп күтпегенімізді мойындау керек. Олар Қазақстанның осы саладағы болашағына күмән келтірмейді», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары