- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстанның тауар айналымы 1,4%-ға артты - Ф.Қуанғанов
Солтүстік Қазақстанның тауар айналымы 1,4%-ға артты - Ф.Қуанғанов
«Соңғы кездері біз өңірімізде бақылап жүрген интеграциялық процестің экономиканы дамытуда игілігі жоғары. Ол СҚО бар әлеуетпен және өндірістің мамандандырылуымен түсіндіріледі. Нақты айтатын болсақ, өңірдің ауыл шаруашылығы, өндіріс, машинақұрылысы саласында әлеуеті жоғары», - деп есептейді Ф.Қуанғанов.
Сонымен, облыстың тауар айналымы соңғы жылдары 1,4%-ға, оның ішінде Кедендік одаққа мүше елдердің арасында 1,5 артты. Ал, экспорт болса 3,5 өскен.
«Бүгінде экспорттың көлемі одан әрі өсе береді деген сенімде бар. Қазірдің өзінде бидай экспорты 5 есе, ұн экспорты 47 есе көбейген. Жалпы, айтатын болсақ өсім өңдеу өнеркәсібі, көлік салаларында да байқалуда», - деді ол.
Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары, еңбек миграциясының бүгінгі жай-күйіменде бөлісті.
«Егер, миграциялық леп туралы айтатын болсақ, 2012 жылға дейін ол 60-65 мың адам дейгейінде болған. Алайда, ел аумағында тіркеусіз болу уақытының ұзартылуына байланысты тіркелгендер саны 4-5 есеге күрт азайып, жыл сайын 15 мың адам деңгейінде тұрақтады», -деп Ф. Қуанғанов ағынан жарылды.
Фархад Қуанғановтың айтуынша, Петропавл - Қорған учаскісіндегі жолды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында инвестициялар көлемі артады деп күтілуде. Айта кетерлік жайт, Омбы облысындағы 60 шақырымға созылған теміржолды қалпына келтіру де жоспарлануда екен.
Камила Амирова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне не себеп