ИНФОГРАФИКА: ЕАЭО-ға мүше елдер

20 Мамыр, 2014 09:52
Қазақстан, Ресей және Беларусь әлемдік құрлықтың 15 пайызын немесе 20 млн шаршы метрді құрайды. Үш ел аймағында 170 млн адам өмір сүруде.

Айта кетейік, М.В. Ломомносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграция құру туралы идеяны ұсынған болатын. Тура 20 жыл өткен соң, 2014 жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келісім шарт түзілмек.

«Жиырма жыл бұрын, ММУ қабырғасында мен алғаш рет жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяны ұсындым.Оның тұжырымдамасы біздің елдеріміздің барлық азаматтарына бірдей жақын және түсінікті шындыққа негізделді. Ортақ тарих, өзара экономикалық тартымдылық, мәдениеттердің тығыз өзара байланысы мен адамдардың жақындасуға ұмтылысы біздің халықтарымызға көпқырлы мемлекетаралық байланыстардың жаңа үлгісін құруға мүмкіндік береді», - деді Елбасы.

 

Барлық жаңалықтар