- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да Оңтүстік пен солтүстік арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру шаралары ұсынылды
ҚР-да Оңтүстік пен солтүстік арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру шаралары ұсынылды
«Бүгінгі таңда оңтүстік аймақтарда халықтың 38% тұрса, жалпы өңірлік өнімнің 17% олардың ешсінде. Ал, солтүстік өңірді халықтың 29% мекендесе, ЖӨӨ 25% оларға тиесілі. Бүгінде өңірлер арасындағы демографиялық теңсіздікті теңестіру қажет. Бұл мақсатта солтүстікте өндіріс қуаттылығын арттырып, инфрақұрылымдық жобаларды көптеп жүзеге асырған жөн. Сонда ұзақ мерзімді жаңа жұмыс орындары ашылады. Айта кетерлік жайт, жаңадан кқоныстанушыларға ассимиляцияға бейімделу үшін уақыт керек және ол берілуі тиіс», - деді Қ. Абсаттаров.
Оның айтуынша, экономикалық тұрғыда қолдау көрсету шарасы ең маңыздысы болып табылады. «Оңтүстік өңірлерде олар үйреніп қалған кәсіпкерлік түрін дамыту керек. Бұл көшу үшін базалық жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп есептейді вице-министр.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы әдістердің бірі микронесиелеу тәжірибесін кеңейту болуы мүмкін. Мұнда қоныстанушылар үшін дәстүрлі бағыттар бойынша кәсіпкерлікті дамытуға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін шағын несие санын арттыру керек. Соның ішінде егіншілік, көкеніс өсіру мен жылыжай шаруашылығына басымдылық беру қажет», - дейді.
Сонымен қатар, оның айтуынша, құрушы инфрақұрылымға көңіл бөлген жөн.
«Солтүстік өңірлердегі ЖОО мен колледждерде оқу орындары санын арттырып, жатақханалардағы орындарды жаңғырту мен көбейту жұмыстарын қолға алып, жастарға арнайы білім гранттарын тағайындау қажет», - дейді.
Жалпы, Еңбек министрлігінің мәлімтінше, Қазақстан 944 мыңнан астам оралман қабылдаған. Бұл республика халқының шамамен 5,5%-ын құрайды.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары