• Басты
  • ЭБЖМ мен ЕХӘҚМ миграция мәселелері заңнамасына түзетулер енгізеді
20 Мамыр, 2014 11:55

ЭБЖМ мен ЕХӘҚМ миграция мәселелері заңнамасына түзетулер енгізеді

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп миграция мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындауда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі әлеуметтік-мәдени даму мәселелеріне арналған жиын барысында айтты.
ЭБЖМ мен ЕХӘҚМ миграция мәселелері заңнамасына түзетулер енгізеді

«Қазіргі таңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп миграция мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасында оралмандарды әлеуметтік қолдауды күшейту, жұмыс күші мол өңірлерден елдің солтүстігіне ағылған ішкі миграция, оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныстандыру кезіндегі ауыл жастарына білім беру мен экономикаға білікті маман тартуға қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылады», - дейді М.Әбілқасымова.

2014-2016 жылдарға арналған миграция мәселесін шешудің кешенді жоспары аясында халықтың ішкі миграциясы ағымын реттеу мен тіркеуді жетілдіру, репатрианттар мен мигранттардың елдің саяси, экономикалық  және әлеуметтік өміріне белсенді интеграциясына қолайлы жағдай жасау, заңсыз көші-қонның алдын алу шараларын күшейту мен көші-қон саясатының құқықтық базасын жетілдіру жағдайы қарастырылған.  

Сонымен қатар, ішкі миграцияда ішкі миграция ағымын болжауды жетілдіру, өңірлік миграциялық саясаттың урбанизация үрдіс қатынасындағы ішкі миграцияны басқаруды жетілдіру, сонымен қатар қалаларда ішкі миграцияның  бейімделу саясатын құруды жетілдіру қолға алынады.

«Экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынына қол жеткізу үшін Қазақстан  урбанизациясына көңіл бөлу керек. Мемлекет басшысы айтқандай, алдағы уақытта Астана, Алматы мен Шымкент агломерациясы экономикалық өсімнің орталығына айналуы керек. Әлемдік тәжірибеге сай, орташа есеппен қала халқының шамамен 10 пайызға артуы ел экономикасына қосымша 6,5 пайыздық өсім береді.  Халық миграциясын басқару урбанизация процесін ескере отырып өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесінің шешіміне жұмыс істеу керек», - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл дегеніңіз жеткілікті деңгейдегі жаңа жұмыс орындары мен ірі қалалардың сыртында агломерацияның дамуы мен жақын аймақтардың дамуы, мигранттарға қолайлы жағдай жасау болып табылады. 

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100