- Басты
- Қазақстандағы жоғары білімді эмигранттар саны иммигранттардың 65 пайызынан асты – М.Әбілқасымова
Қазақстандағы жоғары білімді эмигранттар саны иммигранттардың 65 пайызынан асты – М.Әбілқасымова

«Қазақстан Республикасының әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі аясында көші-қон процестерін басқару елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыт болып отыр. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік-экономикалық демографиялық және бюджеттік саясатты іске асыру үшін азаматтардың қандай бағытта дамып бара жатқандарын және қандай жұмыстардың қозғаушы күш болып тұрғанын жете түсіну керек. Алдын ала болжам бойынша, елдегі жаңа әлеуметтік-саяси дамудың жаңа кезеңі халықтың демографиялық ауыртпалығы мен өлім деңгейінің төмендеуімен байланысты болмақ», - дейді М.Әбілқасымова.
Сонымен қатар, алдағы күтіліп отырған экономикалық өсім қарқынында экономикалық белсенді халықтың тепе-теңдіксіз көбеюі, еңбек миграциясының күшеюі, еңбек пен тұрғын үйдің жергілікті нарығындағы бәсекелестіктің қалыптасуы, босқындарды тартатын ресми емес орталықтардың құрылуына байланысты мәселелер туындайды.
«Соңғы 4 жыл ішінде Қазақстандағы жоғары білімді эмигранттардың саны иммигранттардың 65%-ынан асты. Нәтижесінде білікті мигранттардың саны артты. Қазақстан соңғы кездері еңбек ресурстары тапшылығына бетпе-бет келді. Әсірее кәсіпкерліктер мен өнеркәсіп ұйымдары, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы маман тапшылығы арта түсуде», - дейді ол.
Осылайша алдағы уақытта Қазақстанда елдің жаңа даму кезеңіне көтеру үшін адам ресурсына күрес бәсекелестігі бой көрсетпек.
«Ішкі миграция саласында республиканың еңбек ресурсының толығуы мен өсімі өте төмен білім мен біліктілік деңгейіндегі халықтың көші-қоны түрінде жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде олардың қазақстандық қоғамға кірігуіне кедергі келтірмек. Жалпы, оралмандардың 50 пайызға жуығы Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау мен Жамбыл аудандарына қоныстандырылады», - дейді М.Әбілқасымова.
Камила Амирова
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі
-
Елоpдадағы эпиджағдай: Соңғы аптада ауpу жұқтыpғандаp саны азайған
-
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қандай

