А. Жұмағалиев ASTEX-2014 аясында екіжақты келіссөздер жүргізді

20 Мамыр, 2014 11:46
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Оңтүстік Корея Президенті жанындағы IT кеңестің мүшесі Янг Им Чомен, рейтингтік көрсеткіш бойынша АҚШ-тағы екінші электрондық коммерция нарығының қатысушысы - NewEgg компаниясының бас директоры, Cars.com интернет -порталының негізін қалаушылардың бірі Роберт Беллакпен және IDC зерттеулер жөніндегі вице-президенті Стивен Франзенмен кездесті.

Байланыс және ақпарат министрлігінде хабарлағандай, профессор Янг Им Чомен кездесу барысында екі елдің электрондық үкіметінің дамуы, Оңтүстік Корея мемлекетінің Gov2.0 үлгісінен электрондық демократия мен персоналды  қызмет көрсетуге  бағытталған  Gov3.0 үлгісіне ауысуы,  Big data жобасы мен оны мемлекеттік секторда іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде Асқар Жұмағалиев қазақстандық-кореялық бірлескен зерттеу орталығын ашу туралы  ұсыныс білдірді.

Стивен Франзенмен болған кездесуде Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту мәселелері және оны ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында ынталандырудың шаралары сөз болды. Атап айтқанда,  IDC бас менеджері АКТ нарығына жыл сайын зерттеу жүргізуді ұсынды. Зерттеу барысында әлемдегі барлық ғаламдық өзгерістер де есепке алынуы тиіс. Сонымен бірге Қазақстанның электрондық коммерция нарығына да арнайы зерттеу жүргізіп отыру қажеттігі айтылды.

Барлық жаңалықтар