Инвесторларға жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасаймыз

20 Мамыр, 2014 10:33
Қазақстан экономикасына кеңінен шетелдік инвестицияны, технологияны және инновацияны тартуға мүдделі, деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында мәлім еткен болатын.

«Инвесторларға жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Айта кетерлік жайт, біз барлығын сақадай сай реттеп қойдық деп ойлауға болмайды. Қазақстанда қолайлы жағдай жасауды жалғастыруымыз керек. Қазақстан емін-еркін, еш қорқынышсыз жұмыс істеуге, ақша салуға болатын мемлекетке айналуы керек», - деп Нұрсұлтан Назарбаев баса айтты.

Осы ретте, оның айтуынша, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі өзінің аймақтық және жаһандық экономика жүйесіне интеграцияның тереңінен деңдеп кіруімен байланысты.

«Біз бүгіннің өзінде жаһандық экономикалық жүйедеміз. Әлемде болып жатқан жағдайлардың барлығы бізге әсер етеді. Ең алдымен, біз үшін ол Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен және Дүниежүзілік сауда ұйымына мемлекетіміздің кіруімен байланысты», - деп Мемлекет басшысы атап өтті.

Барлық жаңалықтар