- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада АЭА-ның қазіргі жай - күйі мен даму болашағы талқылануда
Астанада АЭА-ның қазіргі жай - күйі мен даму болашағы талқылануда
«Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясат аясында шетел инвестициясын тартудың қозғаушы күші арнайы экономикалық аймақ болып табылуы керек деген мақсат қойған болатын. АЭА инвесторлар үшін қолайлы «мекенге» айналуы тиіс», - деді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Сағадиев.
Шараның мақсаты – мемлекеттік орган мен АЭА қатысушыларының арасында байланыс құру, арнайы экономикалық аймақ мәселелерін анықтау мен әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру, АЭА қатысушыларымен алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайта түсу үшін ұлттық компаниялар, банктік құрылым, ірі өндірістік компаниялар қызметін тарту болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының II съезі – тәжірибе алмасып, инвесторлар, тасымалдаушылар, әлеуетті тұтынушылармен байланыс құратын алаң ретінде танымал. Өйткені съезге тек АЭА кәсіпкерліктері ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ішкі бизнес қауымдастықтары мен шетелден де қонақтар келеді.
Айта кетерлігі, АЭА жұмыс істеп келе жатқан уақыттан бері алғаш рет Қазақстанда АЭА Хабаршысы жарыққа шықпақ.
Шараға Еуропалық Бизнес-Қазақстан қауымдастығы, Қазақстандағы Францияның іскерлік ортасы қауымдастығы, «G-Global жасыл экономика мен даму коалициясы», «Бизнес-Қазақстан әлемі» іскерлік журналы, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның тасымалдаушылар кеңесі, Қазақстанның Ұлттық Телекоммуникациялық қауымдастығы қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасы экономикалық аймақ кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі де шараны ұйымдастыруда.
Мадина Нұрбекова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері