- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО құрылуына байланысты ДКЖК үндеуі қабылданды
ЕАЭО құрылуына байланысты ДКЖК үндеуі қабылданды
«Бүгінде еліміз Ресей және Беларусь мемлекеттерімен бірлесіп, Еуразия экономикалық одағын құру қарсаңында тұр. Сонау 1994 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық ықпалдастық бірлестігі идеясын ұсынған болатын. Содан бергі аралықта өткен 20 жылдың ішінде Еуразиялық экономикалық қауымдастығы мен Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке дейін эволюциялық жолға ұласқан үш кезең өтті. Алдымызда үш елдің ұлттық экономикалары мен қарапайым азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған интеграция мен өзара күш біріктіру бағдарының нәтижелілігін айрықша растайтын Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы Шартқа қол қою міндеті күтіп тұр», - делінген хабарламада.
«Халықтың қалдауына иек арта отырып, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең ірі ядролық қару арсеналынан бас тарту жөнінде тарихи шешім қабылдады. Көпвекторлы салиқалы сыртқы саясатты жүргізе отырып, Қазақстан барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекара мәселесін шешіп, әлемнің барша мемлекеттерімен бейбіт әріптестік қарым-қатынас орнатты.
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары бастапқы мүмкіндіктері төмен елден посткеңестік кеңістіктегі экономикалық көлемі жағынан ауқымды екінші мемлекетке айналды. Атап айтқанда, елге орталық-азиялық аймаққа келген барлық шетелдік инвестицияның шамамен 70 пайызына пара-пар 160 млрд. АҚШ доллары тартылды. Халықтың жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнім 600-ден 14 мың долларға өсіп, еліміздің алтын-валюта қоры 100 млрд. АҚШ долларына жетті. Осы жылдары екі есеге ұлғайған ел экономикасы бүгінде Орталық Азия елдерінің экономикаларының тұтас көлемінен екі есеге асып отыр»,-деп үндеу мәтінінде жазылған.
Күн санап шиеленісе түскен жаһандық экономикалық бәсекелестік жағдайында сыртқы әлеммен өзара тиімді қарым-қатынас орнату, әлемдік, сондай-ақ, аймақтық интеграциялық ұйымдарға қатысу ел дамуына қажетті серпін берудің аса маңызды шартына айнала бастағаны барған сайын айқындала түсуде.
«Біз, саяси партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын ДКЖК мүшелері Еуразия экономикалық одағын құруды толықтай қолдаймыз. Біз, Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеті мен қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына айрықша серпін беріп, мемлекеттік Тәуелсіздігімізді нығайта түсетініне және Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне қажетті жағдай жасайтынына кәміл сенеміз», - делінген хабарламада.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды