• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚХР-да қазақстандық-қытайлық логистикалық терминал құрылысының ашылу рәсімі өтті

ҚХР-да қазақстандық-қытайлық логистикалық терминал құрылысының ашылу рәсімі өтті

19 Мамыр, 2014 19:13
Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы Ляньюньган теңіз портындағы логистикалық терминал құрылысының басталу рәсіміне қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары телекөпір режімінде қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың бірінші кезегінің ашылуын бастап берді.

Ляньюньган порты – дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы – 21,6 га.

Терминал құрылысы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Австралияға және Канадаға жіберілетін, сондай-ақ осы елдерден келетін қазақстандық транзиттік жүктерді сұрыптау және ауыстырып тиеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастардағы көліктің барлық түріндегі тасымалдаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады. 

Барлық жаңалықтар