• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТШО өндіріс көлемін 90 мың тоннаға жеткізу үшін қаржылық ынталандыруды қабылдайды – Е.Сағадиев

ТШО өндіріс көлемін 90 мың тоннаға жеткізу үшін қаржылық ынталандыруды қабылдайды – Е.Сағадиев

19 Мамыр, 2014 17:43
«Тенгизшевройл» өндіріс көлемін 90 мың тоннаға дейін жеткізу үшін қаржылық ынталандыру қабылдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің бірлескен отырысында Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

«Біз қолға ала бастаған алғашқы жоба «Тенгизшевройлды» кеңейту жұмыстары болып табылады. Кәсіпкерлік алдағы уақытта ірі мұнай-газ кен орнындағы болашақтағы кеңейту жобасын 24 млрд долларға дейін кеңейтуді көздеп отыр», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында Қазақстан Үкіметі мен «Тенгизшевройл» арасында өзара түсіністік туралы меморандум құрылған және жобадағы жергілікті қамту көлемін 32 пайыз деңгейі туралы келісім бар. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 44%-ға дейін артпақ.

«Меморандум аясында біздің қоян-қолтық жұмыс істеумізге түрткі болған «Жоба мұрасы» атты бастама. Осы арқылы жаңа өндірістік қуаттылықтың артып, жобаны іске асыру барысында сұранысқа ие болатын кәсіпкерліктің максималды жұмыс істеуі жолға қойылмақ. Осы бағыт бойынша жұмыстар басталып кетті. «Газ Гипро Нефтетранс Газ» бен «Қазақ мұнай және газ институты» қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктер құрылды», - дейді вице-министр.

«Екінші бағыт бойынша «Тенгизшевройлдың» бас мердігерге қойған жергілікті компаниялармен бірлескен кәсіпкерліктер құру қажеттілігінің модулін дайындау талаптары қарастырылған. Жоспар бойынша Қазақстан аумағындағы модуль дайындаудың ең төменгі көлемі кемінде 44 мың тоннаны құрайды. осы тұрғыда Тенгизшевройл өндіріс көлемін 90 мың тоннаға дейін жеткізу үшін қаржылық ынталандыру қабылдайды», -  Е.Сағадиев

Барлық жаңалықтар