• Басты
  • Биыл 88,2 млн тонна көмір өндірілді
31 Қазан, 2019 15:49

Биыл 88,2 млн тонна көмір өндірілді

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерді және халықты көмірмен қамтамасыз ету жөнінде брифинг өтті. 

Биыл 88,2 млн тонна көмір өндірілді

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов биылғы жылдың 28 қазанына 88,2 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98% - ды құрайтынын айтты.

  «Осы кезеңде елдің ішкі нарығына көмірді жеткізу 61 млн. тоннаны құрады, оның ішінде:энергия өндіруші кәсіпорындарға 46,0 млн. тонна көмір тиелді,өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн. тонна көмір тиелді, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 9,1 млн.тонна көмір тиелді. Ағымдағы жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қарағанда көмір қорымен қамтамасыз етілуі: коммуналдық-тұрмыстық сектор 92,2%; халық 76,1% құрайды», - деді ол.

 Сондай-ақ, ол Ақтөбе, Жамбыл, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірді жылдық жеткізу кестесін толығымен қамтамасыз еткенін айтты. 

  « «Шұбаркөл Көмір» АҚ ақпараты бойынша, жөнелтілім жоспар бойынша 2 ауысымды режимде жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 28 қазанына Ақтөбе облысына 10 вагон немесе 700 тоннаға жуық көмір жөнелтілді.Тіліктің бортында көмірді өз бетімен тасымалдау кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады және ағымдағы жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша кезек 50-60 жүк машиналарын құрайды. Бүгінгі күні ішкі рынокқа жөнелтудің жалпы көлемі тәулігіне 3600 тоннаны құрайды», - деді ол.

 Сондай-ақ, ол бүгінгі күні 4 көмір өндіруші компанияның нарықтық үлесі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халық үшін көмір жеткізудің жалпы көлемінің 89%-ын құрайтынын айтты.

«Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір бағасы кесінді тиеу бағасынан жылжымалы құрамды тасымалдауға, қызмет көрсетуге арналған темір жол тарифтерінен, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады», - деді ол.

Сонымен қатар, көмірді алғашқы жеткізу кезінде тауар биржасында көмірдің 1 тоннасына делдалдардың үстеме бағасы Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша 90% - ды құрайды.

ЖАО деректері бойынша бүгінгі күні өндірудің өзіндік құнына және өткізу пункттеріне дейінгі жеткізу қашықтығына байланысты әр түрлі кен орындарының әртүрлі маркаларына көмірдің құны әртүрлі өңірлерде орташа алғанда 7-ден 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. 

 Сондай-ақ биылғы жылы жылу беру маусымына дайындық басталғаннан бері Қазақстан ішінде теміржол көлігімен 33,8 млн.тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылыту маусымы деңгейінен 3% - ға артып отыр.

Облыстар бөлінісінде көмір тиеу жоспарының орындалуы:

100%-дан жоғары.;  

- Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, БҚО, Павлодар, Түркістан, Алматы қ.; 

90% - дан жоғары-Алматы, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан;

80% - дан жоғары-Жамбыл облысы.

 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірдің қажетті санымен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды