- Басты
- Жаңалықтар
- Бензол мен параксилол өндірісі 2014 жылдың соңында жүзеге асады – МГМ
Бензол мен параксилол өндірісі 2014 жылдың соңында жүзеге асады – МГМ
19 Мамыр, 2014 16:37
2014 жылдың соңында Қазақстанда бензол мен параксилол өндірісі қолға алынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің бірлескен отырысында ҚР мұнай жән газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
«Мұнай химиясы бойынша бүгінде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. 2017 жылға қарай біздегі полиэтилен, полипропилен, бензол, параксилол секілді негізгі өнімдер өзімізде өндіріле бастайды деп күтілуде. Соңғы екі өнім өндірісі 25014 жылдан бастап қолға алынбақ», - дейді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта мұнай химиясы өнімдерінің жаңа түрлерін шығара отырып өңдеу деңгейі мен тереңдігін көбейтуге мүмкіндік тумақ.
М.Мағзұмовтың айтуынша, қазіргі таңда үш қазақстандық МӨЗ жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңғырту жұмыстарының аяқталуымен 2016 жылы біз өз нарығымызды еуро-4 және еуро-5 өнімдерін толықтай қамтамасыз ете аламыз. Осы орайда технологиялық өңдеу деңгейі бойынша біз дамыған мемлекеттермен теңесеміз», - дейді вице-министр.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері