Қызылорда облысында 2016 жылы сұйытылған газ өндіретін зауыт ашылады – МГМ

19 Мамыр, 2014 16:32
Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің отырысында мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысында 2016 жылы сұйытылған газ өндіретін зауыттың ашылатындығы туралы мәлімдеді.

«Қытайлық тараппен үкіметаралық келісімдер аясында тұңғыш рет Қазақстанда сұйытылған газ өндіретін зауыттың құрылысын жүргізу  ұсынылды. Зауыттың  жылына 100 млн текше метрін тұрғызу жоспарланған. ТЭН (техникалы-экономикалық негіз) жұмыстары басталып кетті, құрылысты 2016 жылы аяқтау көзделген», - деді М. Мырзағалиев.

Сондай-ақ, Қазақстанда табиғи газдан жанармай, дизель өндіру технологияларын енгізу де қарастырылып жатыр.

«Ағымдағы жылдың 7 наурызында министрлік пен ұлыбританиялық компания арасында аталмыш ақпараттық технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды. Бүгінде бұл жұмыс жалғасын табуда, қазір зауытты орналастыру аймағы таңдалуда», - деді ол. 

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар