- Басты
- Жаңалықтар
- М. Мырзағалиев мұнай өндіру коэффициентін арттыру жұмыстары туралы баяндады
М. Мырзағалиев мұнай өндіру коэффициентін арттыру жұмыстары туралы баяндады
«Бүгінде орташа МӨК еліміз бойынша 30% құрап отыр. Норвегияда ол 50%-ға, кейбір жерлерінде 70%-ға тең. Ұлыбиратания мен Венесуэлада бұл көрсеткіш 40% көрсетіп тұр. Сонымен қатар, Қазақстан масштабында бір пайыздық өсім қоры 150 млн. тонна мұнайды құрайтын жаңа кен орнының ашылуымен пара-пар», - деді М. Мырзағалиев.
Естеріңізге сала кетейік, МӨК мұнай өндіру саласының басты көрсеткіші болып табылады.
«Министрлік бірнеше бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіп, бағдарламалар жасақтауда.
Біріншіден ол, салалар бойынша заманауи ғилыми-зерттеу базасын жасақтауды ұсынып отыр. Министрлік көмірсутекті кешенді дамытудың арнайы мамандандырылған орталықты құруды жөн көруде. Ол өз кезегінде МӨК артуына және ақылды технологияларды енгізуге септігін тигізеді», - деп ол ағынан жарылды.
Екіншіден, М.Мырзағалиевтің айтуынша, МӨК арттыру бойынша ірі жобалар тобын анықтау, соның ішінде «Шелл» компаниясымен бірлесіп дайындалған саланың технологиялық дамуының жол картасын іске асыру аясындағы жобалар кіреді.
«Үшіншіден,қызмет көрсету компанияларының инвестициялық технологиясын тарту үшін күн тәртібіндегі инженерлік-техникалық мәселелер бойынша отандық және шетелдік мұнай-газ компаниялары арасындағы арнайы мамандандырылған тәжірибе алмасу алаңын құру қажет. Министрлік KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп маусым сайын жұмыс істейтін алаңдарды құруға кірісіп кетті», - дейді М.Мырзағалиев.
«Төртіншіден сынақ өткізу полигондары болмаған жағдайда тиімді бұрғылау тәсілдерін енгізу, кен орнын барлау және кен шығару мүмкін емес. Бесіншіден, МӨК жету үшін арнайы ынталандыру шараларын жүргізген жөн. Олар салық төлеу бойынша жеңілдіктер, келісім шарт бойынша шарттарды жеңілдету жіне т.б.», - деп ол өз ойын түйді.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары