Н. Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапармен келді

19 Мамыр, 2014 16:02
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назаррбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесу өткізеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады, онда тұрақтылықты нығайту және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.

 

Барлық жаңалықтар