• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы шаруалардың жер телімдерін алуға жәрдемдеседі

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы шаруалардың жер телімдерін алуға жәрдемдеседі

19 Мамыр, 2014 14:31
Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы шаруалардың ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер телімдерін алуға көмектеседі, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Ақмола облысы Бурабай ауданының кәсіпкерлері ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер телімдеріне тендер өткізгенінен кейін мүлде жерсіз қалды. Облыстың кәсіпкерлер палатасының  сарапшылары аталмыш мәселеге арналағн дөңгелек үстел  ұйымдастырды, оған жергілікті атқарушы орган, прокуратура өкілдері мен жетекшілері және аудандағы жерден айырылып қалған кәсіпкерлер қатысты.

Өтініш берген әр кәсіпкердің балансында 200-ден астам ірі қара малы мен егу жән себу жұмыстарына арналған техника мен құрылғылары да бар.

Облыстың кәсіпкерлер палатасының  сарапшылары Ақмола облысы атынан ҚР Парламентінің Сенаторы Жабал Ерғалиевтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесінің отырысында аталмыш мәселені көтермекші. Бұл қиындық жүйелі сипатта болғандықтан аталмыш тендерді өткізу мәселесі шаруалардың «қағазбастылыққа» бола жер телімін ала алмауына себеп болмауы тиіс. 

Барлық жаңалықтар