• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді қызмет атқаруда – Е. Досаев

Үкімет экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді қызмет атқаруда – Е. Досаев

19 Мамыр, 2014 13:11
Бүгінде Үкімет экономиканы әртараптандыру мен бәсекелестігін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда, деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экономикалық қызметті әртараптандыруға бағытталған іс-шараларды күшейту арқылы тұрақты даму мен теңгерімделген өсуді ынталандыру мақсатында даму бойынша халықараралық серіктестермен ынтымақтастықты тең құқылы негізде кеңейтуге ниетті.Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысының шешімі бойынша  2014-2015 жылдарға  Ұлттық қордан 1 трлн теңге  бөлу туралы шешім қабылданды», - деді Е. Досаев.

Сондай-ақ, ол Үкімет  халықараралық серіктестермен ынтымақтастықты тең құқылы негізде кеңейтуге ниетті екендігін атап өтті.

«Дүниежүзілік банк тобымен бірге қол қойылған Негіздемелік келісім Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өткім келеді, сол үшін Дүниежүзілік банк 2,5 млрд. АҚШ долларын бөлетін болады», -деді Е. Досаев.

Барлық жаңалықтар