• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті– Е. Досаев

Үкімет халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті– Е. Досаев

19 Мамыр, 2014 12:46
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев атап өткендей, ҚР Президентінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін Үкімет халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

«Біз ынтымақтастығымызды ұлттық даму бағдарламаларын әзірлеу мен іске асырудан, сол сияқты қажетті қаржы ресурстарын бөлу және тарту арқылы, сондай-ақ жеке инвесторлармен белсенді серіктестік арқылы бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсетуден де көріп отырмыз»,- деді ол.

Сондай-ақ, ол Үкіметімен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту бойынша негіздемелік келісімге қол қойылғандығын атап өтті.

 «Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысының шешімі бойынша  2014-2015 жылдарға  Ұлттық қордан 1 трлн теңге  бөлу туралы шешім қабылданды.Ұлттық қордан бөлінген қаражатты пайдалана отырып, Елбасымен қойылған Қазақстанның стратегиялық  басымдықтарына қол жеткізуде жоғары тиімділікті қамтамасыз ету үшін,  Қазақстан Республикасының Үкіметі экономикалық қызметті әртараптандыруға бағытталған іс-шараларды күшейту арқылы тұрақты даму мен теңгерімделген өсуді ынталандыру мақсатында даму бойынша халықараралық серіктестермен ынтымақтастықты тең құқылы негізде кеңейтуге ниетті.Осыған байланысты, Дүниежүзілік банк тобымен бірге қол қойылған Негіздемелік келісім Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өткім келеді, сол үшін Дүниежүзілік банк 2,5 млрд. АҚШ долларын бөлетін болады», -деді Е. Досаев.

 

Барлық жаңалықтар