- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыруды 2 млрд теңгеге көбейтті
«ҚазАгро» көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыруды 2 млрд теңгеге көбейтті
Несиелік қаражатқа үлкен сұраныстың болуына байланысты, көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу бойынша «Егінжай» бағдарламасының қаржыландыру сомасы 1 млрд. 660 млн. теңгеден 1 млрд. 938 млн. теңгеге дейін үлкейтілді.
Бұл бағдарламаны Қор өз қаржысына жүзеге асыруда. Несиелер шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожлықтарын қолдауға бағытталған.
«Осы жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалдары «Егінжай» бағдарламасы бойынша қарыз алушылардан 1 млрд. 619 млн. теңгеге 451 өтініш қабылдап, 1 млрд. 233 млн. теңгеге 339 өтінішті қаржыландырды, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев. - Сонымен қатар, шағын несие ұйымдарын қаржыландыру аясында «Ырыс» шағын несие ұйымы» ЖШС-не 500 млн. теңге бөлінді. Бұл ұйым Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласындағы мақта өсіруімен айналысатын 526 қарыз алушыны қаржыландырады. Олардың ішінде 396,6 млн. теңгеге 398 жоба бүгінгі таңда несиелендірді. Бөлінген қаржы 12 мың гектар жерге мақта егісін ұйымдастыруға көмектеседі», - деді «Ауыл қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев.
Жалпы осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобы 61,2 млрд.теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд.теңгесі - бюджеттік несие.
Сарапшылардың бағалауы бойынша холдингтен егін науқанына бөлінген қаражат 6,2 млн.га жерде агротехникалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
Көктемгі су тасқыны: қауіпті аймақтар, қауіпсіздік шаралары, құтқару тобы мен техникалар -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді