- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП 2014 жылдың 15 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісім жобасының нұсқасын жариялады
ҰКП 2014 жылдың 15 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісім жобасының нұсқасын жариялады
Қазіргі таңда Келісім жобасын дайындау процесі аяқталып қалды, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы. ЕАЭО туралы Келісім жобасына 29 мамыр күні Астанадағы Жоғарғы экономикалық кеңес отырысында қол қойылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО туралы Келісім жобасы институцияналдық және функционалдық бөлімнен тұрады. Институциялдық бөлім құқықтық субъектілік, негізгі ұстанымдар, мақсаттар, құзіреттер, құқықтар, басқару органдары мен ЕАЭО бюджеті мәселесін реттейтін болса, функцияналдық бөлім экономикалық интеграцины салалық реттеу мәселелерін қарастырады.
Жалпы, ЕАЭО Келісім жобасы арқылы экономикалық қызметтердің төмендегі салалары реттелмек: кедендік басқару, сыртқы сауда саясаты, техникалық реттеу, санитарлық, санитарлық-ветеринарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылар құқын қорғау, макроэкономикалық саясат, валюталық саясат, қызметтер саудасы мен инвестиция, қаржы нарығын басқару, салық және салық салу, бәсекелестік саясат, табиғи монополия, энергетика, транспорт, мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алу, зияткерлік меншік, өнеркәсіп, аргоөнеркәсіптік кешен мен еңбек миграциясы.
Еуразиялық экономикалық кеңес пен Келісім жоспарына қосымшаны мына жерден оқуға болады.
Айта кетейік, Елбасы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісінде тек қатысушы үш ел экономикасының жиынтық көлемі 2,2 триллион долларды құрағандығын айтты. Үш ел шығарған өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1,5 триллион АҚШ долларына жуықтады. Жиынтық ІЖӨ-нің өсімі түріндегі интеграциялық тиімділіктің перспективасы 2030 жылға қарай шамамен 900 миллиард долларды құрай алады, деді ол.
«Осылайша, еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық индустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді. Ол әлемдік құрылыс парадигмасының көпқырлылық жағына қарай ауысуы драмалық актісі жағдайында жүріп жатыр. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық – бұл тек экономиканың ғана емес, сондай-ақ, халықаралық құқықтың, жаһандық саясаттың дағдарысы», - деді Елбасы.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда