- Басты
- Жаңалықтар
- Интеграция - үдемелі индустрияландырудың басты қозғаушы күші – Р. Сұлтанов
Интеграция - үдемелі индустрияландырудың басты қозғаушы күші – Р. Сұлтанов
«Интеграция біздің елдің үдемелі индустрияландыруының басты қозғаушы күші болып табылады. Жаңа салалар бой көтеріп, соның ішінде Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген фармаөндіріс, автомобиль құрастыру салалары қолға алына басталды», - дейді Р.Сұлтанов.
Мысалға, 2013 жылы Hyundai Auto Trans Беларуське 318 дана автотехника өнімін сатып, алдыңғы жылға қарағанда экспорт көлемін 22% арттырған. 2014 жылға қойылып отырған жоспар болса жеңіл, жүк автобус көліктерінің 11 мың данасын жөнелту болып табылады.
Бірыңғай нарық аясында бәсекелестіктің артуына орай қазақстандық үкімет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың шаралары қолға алына басталды. Мемлекет пен кәсіпкрліктің бірлесе жұмыс істеуі бойынша бірқатар салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда.
«Солардың арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Бағдарлама аясында 2014 жылы мемлекеттік қолдау шараларына 100 млрд теңге бөлініп, аталмыш қаражат өңірдегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталмақ», - дейді Р.Сұлтанов.
«Сонымен қатар, маңызды тағы бір шара қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілету, бұл іспен «KAZNEX INVEST ұлттық экспорт жән инвестиция агенттігі» айналысады», - деді ол.
Оның айтуынша, ҚР үкіметі тарапынан кәсіпкерліктердегі әкімшілік кедергілер алып тастау шаралары қабылданып, Мемлекет басшысының шешімімен ШОБ тексерістеріне мораторий жарияланды. Жоғарыда аты аталған шаралар отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттіліктерін арттырып, экспорт әлеуетінің өсіміне серпін бермек.
Естеріңізге сала кетейік, М.Ломоносов атындағы ММУ-де дәріс оқыған Мемлекет басшысы Кедендік одақ мемлекеттері арасындағы шекара азаматтардың еркін жүріп-тұруына жол ашып, сонымен қатар жүк пен валюта айналымын арттырды. Нәтижесінде Қазақстанның Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі әріптестерімен тауар айналымы 88% артып, 24,2 млрд долларды құрады».
«Біздің Ресей мен Беларуське экспорт көлемі 63%-ға артты. Соның ішінде өңделген тауар тасымалы 2 есе көбейді. Біз екі елдің компанияларымен бірлесіп кәсіпкерліктер құрып жатырмыз», - деді ҚР Президенті.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады