• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р. Сұлтанов ЕАЭО аясындағы интеграция басымдықтарын атады (БРИФИНГ БЕЙНЕБАЯНЫ)

Р. Сұлтанов ЕАЭО аясындағы интеграция басымдықтарын атады (БРИФИНГ БЕЙНЕБАЯНЫ)

19 Мамыр, 2014 11:11
Еуразиялық интеграциялық процестің жоғары нүктесі Еуразиялық экономикалық одақ болуы тиіс. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлім етті.

«Еуразиялық интеграциялық процестің жоғары нүктесі Еуразиялық экономикалық одақ болуы тиіс. Оны құру туралы Келісім 2014 жылы мамыр айында Астанада жоспарланған. Бүгінде Келісім жобасы қызу талқылануда. Оған Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің  нормативті-құқықтық базасы және  халықаралық үздік тәжірибелер енгізілуде», - деп Р. Сұлтанов ағынан жарылды.

Оның айтуынша, интеграцияның басты артықшылығы ішкі экономикалық кедергілерді алып тастау, өткізу нарығын кеңейту және инвестициялық тартымдылықтың артуы. Ол өз кезегінде одақтас мемлекеттердің ұлттық экономикасын жаңғыртатын болады.

Сонымен қатар, ол, Қазақстанның экспорттық әлеуетіне бірыңғай мемлекеттік сатып алу келісіміде оң әсерін тигізетін болады, деп баса айтты.

«Бұл мәселеде қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесі айқын. Жалпыға  ортақ мемлекеттік сатып алу нарығы отандық нарықты 26 есе арттырады», - деп Р. Сұлтанов түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, ол, экспорт мәселесінде негізгі түйіткіл ретінде КО аясында кейбір шектеулерді тілге тиек етті. Мысалы алкоголь және фармацевтикалық өнімдер. Оның айтуынша, бұл кедергілерді алып тастау мақсатында мемлекет басшыларының тапсырмасымен жұмыстар жүргізілуде.

«Шартты түрде айтатын болсақ бұл Кедендік одақтың заманауи даму кезеңіндегі кемшіліктері және олар кезең-кезеңімен жойылатын болады», - деп Р. Сұлтанов мәлім етті.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар