Қызылорда облысының Шиелі ауылында ветеринарлық пункт ашылады

19 Мамыр, 2014 10:13
Шиелі ауылдарындағы ветеринарлық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 44 млн. 600 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.Бұл туралы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Сахов хабарлады.

Одан өзге, ауданда 3 мал сою алаңы, типтік жобадағы 2 мал қорымы жұмыс жасап тұр.

«Қалған елді мекендерде қарапайым әдіспен салынған мал қорымдары пайдаланылуда. Сондай-ақ адам өміріне аса қауіп төндіретін Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы ауруының алдын алып, оны болдырмау мақсатында тиісті шараларды ұйымдастырып жатырмыз", - деді ол.

Барлық жаңалықтар