Ақмола облысында АҚШ-Ресей бірлескен кәсіпорнын ашу мәселесі талқыланды

19 Мамыр, 2014 19:41
Степногорск қаласында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов американдық «Timken» компаниясы және ресейлік «УК ЕПК» ААҚ өкілдерімен кездесті.

Өңір басшысы  мен шетелдік өкілдер Степногорск   подшипник  зауыты базасында  бірлескен кәсіпорын  құру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Кәсіпкерліктің өндірістік қуаттылығына көзі жеткен ірі инвесторлар экономикалық әріптестіктің екі жаққа да тиімді екенін алға тартады. Өз кезегінде облыс әкімі жобаны іске асыруға қолдау көрсететінін айтты. 

 

Барлық жаңалықтар