• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО экономиқалық интеграциясы - халықтар мәдениеті байланысының негізі - Б.Қасымбеков

ЕАЭО экономиқалық интеграциясы - халықтар мәдениеті байланысының негізі - Б.Қасымбеков

29 Мамыр, 2014 17:13
Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін экономикалық басымдықтары туралы әңгімелеген ҚР ИЖТМ Өндіріс комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков интеграцияның өзге де салаларын тілге тиек етті.

«Елбасы 2050 жылға қарай ЕАЭО әлемнің интеграциялық бірлестіктерінің үздік үштігіне енгізу туралы идеясын жариялады. Сонымен қатар, оның алдағы 15-20 жылға арналған басымдықтарында тілге тиек етті. Олар, ұлттық экономикада инновациялық техникалық жаңалықтардың ашылуына жағдай жасау. Сонфмен қатар, Еуразия және инфрақұрылымдар масштабында ЕАЭО алғашқы үздік жалпыконтиненталды буын болуы тиіс», - деді  Б. Қасымбеков.

Сонымен қатар, ол, Елбасының жалпыеуразиялық экономиканың негізі шағын және орта бизнес болуы керек деген сөздерін еске салды.

«Осы ретте экономикалық интеграция халықтар арасындағы терең мәдени-гуманитарлық байланыстың негізі», - деп Б. Қасымбеков өз ойын түйді. 

Барлық жаңалықтар