- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысын өткізеді
ҚР ҰКП сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысын өткізеді
Кеңес төрағасы болып Қазақстан Руспубликасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев тағайындалды, деп ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайты хабарлады.
Консультативтік-кеңес органы құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Бас Прокуратура басшылары, ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі, ҚР қаржы министрлігі , қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері бар.
Кеңестің алғашқы отырысында негізгі міндеттер туралы айтылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің уәкілетті органдары өткізетін сатып алу шараларындағы жариялылық мәселесі қаралып, «СТ-КЗ» форматындағы сертификаттың заңсыз айналымы талқыланады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың Тараз қаласында құрылатын IT технологиялар колледжі инновациялық жобасын іске асыру ісіндегі қарама-қайшы әрекеті және ШҚО Риддер қаласында бюджет қаржысын жұмсау кезінде орын алған заң бұзушылықтар туралы айтылады. Кеңес мүшелері моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының негізсіз жұмсалуын талқыға салады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар