Өскеменде КО аясында машина құрылысы зауыты салынады

18 Мамыр, 2014 11:04
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өндіріс комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков өзінің Қазақстан мен Ресей жобасын КО аясындағы бизнес саласы бойынша белсенді серіктестіктің жарқын үлгісі ретінде атап өтті.

«Өскемен қаласында автомобиль өндірісі бойынша толық циклді зауыттың құрылысы жоспарлануда.  Кәсіпорын  Lada Granta, Lada Rflina New, Lada 4x4 New үлгідегі көліктерді жасап шығаратын болады. Ал, өнім Ресейдің Алыс шығыс және Сібір федералды округіне, и, Түркменістанға, Қырғызстанға және тәджікістанға жөнелтіледі», - деп Б. Қасымбеков ағынан жарылды.  

2014 және 2015 жылдарға жобалау және құрал жабдықтарды сатып алу көзделген. Ал, 2016-2017 жылдарға автозауыт пен технопарк құрылысы жоспарланған. Алғашқыда жылына 60 мың көлік өндірілсе,  2018 жылы ол  120 мың автомобильді құрайды.  

«Автозауытқа инвестиция көлемі 92 млрд. теңгені құраса, өндіріс көлемі 210 млрд. теңгені, жыл сайынғы бюджетке аударымдар  15 млрд. теңгені көрсетеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 12 мың адамға жұмыс орны ашылатын болады», - деді Б. Қасымбеков. 

Барлық жаңалықтар