- Басты
- Жаңалықтар
- Санкт-Петербургте Астана қаласының мәдениет күндері өтуде
Санкт-Петербургте Астана қаласының мәдениет күндері өтуде
Астаналық әкімдіктің ресми сайты хабарлағандай, Астана мен Санкт-Петербург қала құрылысы, коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, туризм және басқа да қызмет салаларында өзара әрекет етеді. Ал Кеден одағы құрылғаннан кейін Ресей мен Қазақстан арасындағы ішкі сауда айналымының қарқыны едәуір артты.
Санкт-Петербургте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың Санкт-Петербург Губернаторы Георгий Полтавченкомен кездесуі өтіп, тараптар кәдесыйларымен алмасты.
Петропавл бекінісінде «Этно-ауыл» қазақтың қолөнер шеберлерінің қолданбалы өнерінің «Қазақ ауылы» экспозициясы ресми ашылды.
Сонымен қатар, «Астана» сауда-іскерлік кешенінің құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсімі өткізілді, деп те хабарланды.
Санкт-Петербург қаласының тұрғындары үшін бұл күндері өте бай бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бейнелеу өнерінің «Жусан иісі» көрмесі, Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл қою рәсімі, сондай-ақ, Михайлов театрында - «Астана Балет» балет кеші және Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік академиялық капелласында «Солисттер академиясы» камералық оркестрінің классикалық музыка концерті.
Астана қаласының Санкт-Петербургтегі мәдениет күндерін өткізу бағдарламасына Приморск даңғылында орналасқан қаланың 300 жылдығына арналған паркке бару және «Славян жәрмеңкесі» фестиваліне қатысу да қарастырылған.
Бұдан басқа, мәдениет күндері аясында Іскерлік ынтымақтастық кеңесі мен «Smart Astana» жобасына инвестициялаудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз