• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласына инвестиция көлемі 3 есеге артады – АШМ

2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласына инвестиция көлемі 3 есеге артады – АШМ

17 Мамыр, 2014 15:58
2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласының негізгі капиталға инвестиция көлемі 97 млрд теңгеге дейін ұлғаймақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеокв мәлімдеді.

«Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласының негізгі капиталға инвестиция көлемі 97 млрд теңгеге дейін, яғни 3  %-ға, азық-түлік өндірісінің көлемі 30 %-ға, яғни 1271 млрд теңгеге және азық-түлік өндірісінде 68 мың адамға дейін жұмыс бастылық деңгейінің ұлғайып (2013 жылы  52 мың адам), азық-түлік өндірісінің импорт көлемі 3 есеге дейін 1322 млн $ АҚШ төмендемек», - деді ол.

Жалпы, 2013 жылы азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңдеу тауарларының ішкі сауда саттық айналымы 4 250 млн$. құрады, деп атап өтті министр.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары республикалық өнеркәсіп өндірісінің  5%, қайта өңдеу өндірісінің  16,5 % өндірді.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «2015-2019 жылдарға арналған ҚР азық-түлік өндірісін дамыту» бағдарламасы әзірленді.

Барлық жаңалықтар