ҚДБ несиелерінің орташа мерзімі 7-10 жыл – Қ.Бішімбаев

17 Мамыр, 2014 15:42
Қазақстанның Даму Банкі несиелерінің орташа мерзімі 7-10 жыл. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.

«Даму банкін қолдау мен оның несиелеу қызметтеріне көмек көрсету үшін Үкімет бесжылдық қызметі аясында оны қаржылық қолдауды қолға алуда. Ол үшін түрлі қалалардағы сыртқы қарыз бен капитал бөлінбек. Барлық макроэкономикалық факторларды ескере отырып біз несиелендірудің басты құралы ретінде ұзақмерзімді теңгелік несиелеуді ойластырып отырмыз.  Бұл кәсіпкерлерге валюталық дағдарыстың алдын алып, теңге курсын түзетудегі келеңсіздіктерге қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұрақтылық береді», - дейді Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның Даму Банкінің несиелерінің орташа мерзімі 7-10 жыл.

«Біз, әрине, қаржыландыруда барынша арзандату мақсатын алға қойып отырмыз. Өйткені Даму банкінен қаржыландырылатын жобалар өңдеуші өнеркәсіптегі техникалық қиын жобалар бар. Оларда әр уақытта пайда көре бермейді. Тиісінше кәсіпкерліктердің осы салада жұмыс істей алуы үшін ұзақмерзімді арзан қаржыландыру көздері қажет», -  дейді ол.

Сонымен қатар, ол қазақстандық кәсіпкерліктердің  көп кездесетін қиындықтарын да атай өтті.

 «Ірі жобаларды іске асыру үшін капитал көлеміне деген қажеттілік барлық кәсіпкерліктердің аяғына тұсау болады. Осы орайда «Бәйтерек» холдингінің құрылымында «Қазына Капитал Менеджмент» қоры жұмыс істейді. Бұл кәсіпкерліктердің алғаш жұмыс істеп кетуіне қолдау көрсетеді», -  дейді Қ.Бішімбаев.

Барлық жаңалықтар