- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамытудың әдістерін бекітті– А.Мамытбеков
Үкімет 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамытудың әдістерін бекітті– А.Мамытбеков
«Қазақстан Үкiметi 2020 жылға дейiнгi азық-түлiк өндiрiсiн дамытудың жолдарын бекiттi. Ауыл шаруашылығының өнiмдерiн қайта өңдеу агроөнеркәсiп кешенiнің маңызды бөлiктерінің бiрi болып табылады. Сәйкесiнше ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дамытпайынша, ауыл шаруашылығын түгелдей дамыту мүмкiн емес. Бүгiнде ауыл шаруашылығының шикiзатын қайта өңдеу жалпы өңдеу өндiрiсiнiң 16,5%-ын құрайды. Бұл 50 мыңға жуық адам жұмыс жасайтын 2 мыңға жуық кәсiпорын. Соңғы жылдары өңдеудiң көлемi артып келетiндiгiн байқаймыз. 2013 жылы қайта өңделген өнiмнiң көлемi 1 триллион теңгенi құрады. Бұны 2009 жылмен салыстыратын болсақ, 65 пайызға артып отыр. Ол кезде қайта өңделген өнiмнiң көлемi 600 млрд теңгенi құраған едi», - дедi А.Мамытбеков.
Министрдiң айтуынша, бiздiң нарықта импорттың үлес салмағы артып келедi. Ол қайта өңдеумен айналысатын кәсiпкерлер үшiн өз өнiмдерiн өткiзуде кедергiлер тудырып отырған көрiнедi.
«Импортты сараптай келiп, 500 жуық азық-түлiк өнiмдерiнiң үштен екiсi өнiмдердiң негiзгi 8 тобына тиесiлi. Атап айтар болсақ, жалпы импорттың 18%-ын кондитерлiк өнiмдер, сүт өнiмдерi 13%-ын, қант 8%-ын, құс етi 8%-ын, жемiс-көкөнiс консервiлерi 8%-ын, шай 5%-ын, сұйық май 3%-ын және шұжық 3%-ын құрайды. Осы негiзгi 8 топ жалпы импорттың 60%-дан астамын құрайды», - дедi ол.
Сонымен қатар, басым саланы анықтаудың екінші жолы ел экспортының даму мүмкіндіктерін айқындау болып табылады.
Камила Амирова
-
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары